Аяла Мереке пара дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Астанада өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында бүгін, 14 мамырда Аяла Мереке (70 келі) күміс медаль алды.

Пара дзюдо федерациясы

Алматы, NEGE. J2 санаты бойынша финалда ол 2 дүркін Паралимпиада чемпионы Алана Малдонадоға (Бразилия) жеңілді.

Аяла жартылай финалда ол жапон балуаны Ацуми Нишимураны таза жеңген еді.

Сондай-ақ енді аталған санатта Жұрқамырза Шүкірбеков (95 келіден жоғары) финалда күреседі.

Ол 1/2 финалда Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, грузиялық балуан Реваз Чикоидзені ескерту саны бойынша ұтып, финалға жолдаманы қалтаға басты.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды