Аяқ киімге телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының тәртіп және күзет қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру кезінде, аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған екі ұялы телефон және екі “Beeline” сим-картасы мен зарядтағыш құрылғыларды тауып, тәркіледі.

Алматы, NEGE. Мекемеге тыйым салынған заттарды Ақтөбе қаласының Р. М. есімді 1990 жылғы тұрғыны (кісі өлтіру бабы бойынша) қамауда отырған ағасына жеткізбек болған. – Азамат Р. М. өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған