Аягөзде өрттен қаза тапқан балалар үйде жалғыз қалған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы» атты халықаралық конференция кулуарында Аягөздегі өрт салдарынан 4 баланың қазасына қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Балалардың әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді, анасы азық-түлік алуға шығып кеткен. Балалар үйде жалғыз қалған. Негізі балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Бұған дейін Астанада, Жамбылда болған оқиғаға бәріміз куә болдық, қазір Аягөзде болды. Сондықтан қазіргі уақытта комиссия өз шешімдерін шығарады. Біздің тарапымыздан тек қана жәрдемдесу – психологиялық қолдау көрсету», - деді Еңбек министрі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев оқиғаның тексеріліп жатқанын, мұнда Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің пікірі маңызды екенін айтты.

«Мемлекет белгілеген барлық қолдау шаралары көрсетіледі, дегенмен мұндай жағдайда тергеу нәтижесін күту керек», - деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады