Аягөзде 20 тонна бензин құйылған цистерна өртенді

 5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы балалар.

Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды. Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шабуылы қолданылды.

Өрт сағат 20:30-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?