Аягөз ауданынан сақ қолбасшысының қорымы табылды

Абай облысы Аягөз ауданында сақ қолбасшысының қорымы табылды.

Алматы, NEGE. Алматыдағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің археологтары Аягөз ауданы Бозай ауылы маңында қазба жұмыстарын жүргізіп жатып сақ қолбасшысының қорымын тапты.

Қолбасшы осыдан 700-2600 жыл бұрын өмір сүрген болуы мүмкін. Сақ қорғанының диаметрі шамамен 30 метрді құрайды.

«Қазба жұмыстарын 2021 жылдан бері жүргізіп жатырмыз. Содан бері Бозай қорымынан әртүрлі кезеңге жататын 60-қа жуық ескерткіш анықталды. Аң стиліндегі бұғының, қабыланның бейнесі табылды», - дейд археолог Бауыржан Бесетаев.

Археологтар қазба жұмыстарын ары қарай жалғастыра бермек.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті