Аягөз қаласында трансформатор өртеніп, тұрғындар жарықсыз қалды

Қалада электрмен қамтамасыз ететін қосалқы трансформатор өртеніп, жарық беру тоқтатылды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Қабанбай көшесінің бойындағы орналасқан трансформатордағы жалынды өрт сөндірушілер көбік қолданып сөндірді.

«23:30 шамасында Аягөз қаласының электрмен қамтамасыз ететін орталық қосалқы станциясындағы өртке байланысты қалада жарық өшіп қалды. Қазір қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Аягөз ауданының әкімдігі.

Кент мағындағы 15 ауылда электр беру қалпына келтірілді.

Алайда Аягөз қаласы мен 7 ауылға әлі жарық берілмеген.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті