Аяғын сындырған Конор МакГрегорға ота жасалды

Порьемен жекпе-жек кезінде аяғын сындырып алған Конор МакГрегорға 3,5 сағат ота жасалды.

Алматы, NEGE. Қазір спортшы Лос-Анжелестегі клиникада жатыр.TMZ Sports порталы мәліметі бойынша, МакГрегордың жіліншік сүйегіне интрамедулярлы өзек салынып, ұзын түтікше тәрізді аяқ сүйегі пластина және бұранда арқылы бекітілген.

Еске салайық, аралас жекпе-жек файтері (MMA) Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы жекпе-жек 11 шілдеде Лос-Анджелесте өткен болатын. Жекпе-жек бір раундқа созылды. Алғашқы бес минуттың соңында МакГрегор аяғын қайырып, сындырып алған еді. Дәрігерлер Конор жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтып, жеңіс техникалық нокаутпен Порьеге берілді. 

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес