«Аяғым қайда деп сұрайды» – Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы белгілі болды

Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған 8 жасар Алуаның қазіргі жағдайы туралы туысы әлеуметтік желіде жазды. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Қазір кішкентай Алуаның жағдайы оңалып келеді.

«Мүлдем ұйықтамайды. Күндіз де, түнде де. Сәл мызғып алсын деп дәрі беруге тура келеді. Сондай-ақ үнемі жылайды. Жылап, «аяғым қайда?» деп сұрайды. Бұл сұрағы біз үшін азаппен тең. Жалпы жағдайы қалыпты», – деп жазды Алуаның туысы. 

Балалар омбудсмені Динара Закиева да Алуаның жағдайын білуге барған. 

«Анасымен бірге реабилитация мен протездеу туралы сөйлестік. Алуамен бірге кітап ақтардық, аздап пицца жеді, бірақ үнемі «қолыма алыңдаршы, далаға шығамын» деп өтініп отырды», – деді Закиева.

Қазір қыз жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Психологтар отбасымен жұмыс жүргізуді жалғастырып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады