Автокөлік ұтысын ұйымдастырған ерлі-зайыпты блогерлерге айыппұл салынуы мүмкін

Ерлі-зайыпты блогерлер Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанәбілов 30 мың теңге тұратын курсты сатып алғандарға он көлік сыйлаймыз деп уәде еткен. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ол курста олар онлайн-сервистер арқылы тауарларды тапсырыс беруді үйретеміз деп мәлімдеген.

Құмар ойындар мен лотереяларды реттеу комитеті тексерісті бастады. Жанәбіловке түсініктеме беру қажеттігі туралы хабарлама жіберілген. Егер ол мұны орындамаса, оған ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалады. Бұл бапқа сәйкес, 100-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

«Түсініктеме болмаған жағдайда Комитет әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғайды... Егер ол шақыртуға келмесе, әкімшілік іс сырттай қаралады», – деп нақтылады Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінде.

Ведомство өкілдері заң бойынша лотереялар мен ұтыс ойындарын тек ресми операторлар ғана өткізе алатынын еске салды. Сондай-ақ күмәнді «гивтерге» қатысудың қауіпті екені ескертілді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр