Автогаздың шекті бағасы бекітілді

Энергетика министрлігінің бұйрығы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Алматы, NEGE. Ең қымбат баға Алматы қаласы мен Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында – литрі 81 теңге.

Астана, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 76 теңге.

Ең арзан баға Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында – мұнда автогаздың литрі 54 теңгеден саудаланбақ.

Әр облыстың шалғай аудандарында шекті баға 5 теңгеге жоғары болады.

Алдағы үш жылда әр 6 ай сайын сұйытылған газдың бағасы 5 теңгеге көтеріліп отырады.