Автобустар тегін жүреді

Орал қаласында сайлау күні автобустар тегін жүреді.

Алматы, NEGE. Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 10 қаңтар күні қаладағы барлық бағыттар бойынша қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады.

Қала әкімдігі қоғамдық көліктерде маскалық режимді сақтау керектігін еске салды.

Сондай-ақ Қаратөбе ауданы орталығы Қаратөбе ауылында ауа райының қолайсыздығына байланысты ертең екі бағытта тегін автобус маршруты ұйымдастырылады.

Ауыл әкімі Абат Зейнуллиннің сөзіне қарағанда, өз учаскелері бойынша хабарласқан қарт адамдарға еріктілер арқылы автокөлік жіберіледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?