Автобус жүргізушісі 8 жасар баланы қағып кетті

Павлодар облысында жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 25 қараша күні сағат 14:42-де музыкалық мектепке қарсы жолда «Вольво» маркалы №6 маршруттық автобусының 40 жастағы жүргізушісі 2013 жылы туған қыз баланы қағып кетті.

Оқушы жолды реттелетін жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған зардап шегуші жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында. Автобус арнайы айыптұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр.