16 декабря 2019 г. 10:00

Автобус астына жатып алған ер адам кім?

Фото:
Алматыда ер адам автобус астына жатып алып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Оқиға 15 желтоқсанда күндіз Сейфуллин даңғылындағы (Жансүгіров көшесінен төмен) аялдамалардың бірінде болды. Бұл туралы Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланған видео сипаттамасында жазылған. Хабарламада ер адамның мас болғаны айтылған. Сырттай ол 40-45 жасқа көрінеді. Кадрлардан оны екі полицей автобус астынан күшпен алып шыққанын көруге болады.

 

Алматы, NEGE. Алматы полиция өкілдері автобус астына жатып алған мас ер адаммен болған оқиғаның мән-жайын айтты.  Ақпарат бойынша, 15 желтоқсанда сағат 14.02-де Алматы қаласы ПД ЖБО-ға 1966 жылғы А. өте мас күйде Сейфуллин даңғылында, Жансүгіров көшесінің солтүстігіне қарай қозғалып келе жатқан 73 бағыттағы автобустың астына кіріп, қоғамдық тәртіпті бұзуғаны туралы хабарлама келіп түскен. Сонымен қатар, полициядағылар ер адамның қандай да бір талап қоймағанын атап өтті.

«Патруль полициясы ер адамды Жетісу аудандық ІІД-не алып барды, онда ҚР ӘҚБК 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама жасалып, кейін ол қалалық наркологиялық диспансерге жеткізілді», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның автобус астына жатып алған видеосы жарияланған болатын. Кадрлардан оны екі полицей күшпен алып шыққанын көруге болады.

 

Тегтер: