Автобус апатында аяғынан айырылған қыз ауруханадан шықты

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов хабарлады.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ол оңалту курсынан тұрғылықты жері бойынша өтеді. Қыз Ақмола облысындағы тұрғылықты жеріндегі емханаға тіркелген. Аталмыш емхана жеке оңалту бағдарламасын әзірлеп жатыр.

«Зардап шеккендердің барлығы, соның ішінде 8 жастағы балаға да, дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Бала бүгін ауруханадан шығарылды. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Өкінішке қарай, бәріміз білетіндей, аяғын ампутациялауға тура келді. Мұның бәрі өмірін сақтау үшін жасалды», – деді вице-министр.

Айта кетейік, 7 жасар Алуа Бекен елордада автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған. Қыздың отбасы елордаға демалысқа келген. Үйге қайтып бара жатқанда, автобус бағанаға соғылған. Алуа көлік салонында қысылып қалған. Оны құтқарушылар көліктен шығарып алған. Оны аман алып қалу үшін аяғын ампутациялауға тура келді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады