Австрия елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Австрияның Қазақстандағы елшісі Герхард Сайллерді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Алматы, NEGE. Тараптар Қазақстан мен Австрияға болған сапарлар туралы пікір алмасып, алдағы екіжақты және көпжақты сипаттағы іс-шаралар жоспарларымен бөлісті. ҚР СІМ таратқан мәлімет бойынша, дипломаттар тараптардың екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға деген өзара ынталарын атап өтті.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы елшіге Қазақстан-Австрия қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту ісіндегі белсенді қызметі үшін алғыс білдірді.

Елші қазақстан-аустриялық екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша берік және сенімді қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

«Анасын таңдады»: Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасуға не себеп болғанын айтты

«Кінәмді ішінара мойындаймын»: блогер Эльмира Төлегенова сотта көз жасына ерік берді

«146 млрд теңге кем түсті»: теңгенің нығаюы бюджетке кері әсер еткен

«Өзін полицей ретінде көрсетеді»: алаяқтар жұртты ЖИ көмегімен алдауға кіріскен