Австралиялық сауысқан өрт дабылын айнытпай салуды үйренген
Соңғы айларда Австралияда өрт дабылының жиі естілетіні соншалық, кей құс сирена дауысын салуды үйреніп алыпты.
Алматы, NEGE. Бұрынғы комиссар Грегори Эндрюс байқап қалып, бейнетаспаға түсіріп алған сауысқан құдды өрт сөндіру машинасының дабылын қайталайтындай. «Бұл менің өмірімдегі ерекше оқиға болды. Мені сауысқанның өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдемнің дабылын айнытпай салып тұрғаны таңдай қақтырды. Мақұлықтың өзі адамдардан көмек сұрап жатқандай» дейді Грегори Эндрюс.