Австралиядағы алапат өрттен жарты миллиардқа жуық жабайы аң-құс қырылып қалды

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында былтырғы жылдың қыркүйегінен бері өрттің кесірінен 500 миллионға жуық жабайы тіршілік иесі қырылған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы мамандардың пікіріне сүйене отырып The Straits Times хабарлады.  Австралияның шығыс жағалауында екі айдан астам уақыт бойы өршіп тұрған орман өрттері қазірдің өзінде әлемдік деңгейдегі апатқа айналуда. Тілсіз жау 20 адамның өмірін қиған, ондаған адам із-түзсіз кеткен. Өрт бүтін қалаларды да жалмауда.

Австралиялық ғалымдардың дерегінше, тіршілік ортасынан айырылған жан-жануарлар күйіктен, ыстан, аштықтан өлуде. Бірнеше ай ішінде 5 миллион гектарға жуық орман алқабы жанып кеткен. Елдің оңтүстік-шығысындағы өрттен осы құрылықта ғана өмір сүретін кенгурулар мен коалалардың саны күрт кеміген.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ