Австралия билігі нәсілшілдікке қарсы акцияға наразылық білдірді
Дәл осылай Австралия билігі де халықтың көптеп жиналуына алаңдаулы. Полиция қолынан қаза тапқан афроамерикандық Джордж Флойдты қолдауға арналған акцияға биліктің қарсылығын Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының басшысы мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Елде мыңдаған адам сенбі күні, яғни 6 маусымда Сиднейде акцияға шығуды жоспарлаған. Бастапқыда бұл бастаманы қолдаған әкімшілік акцияға қатысушылар саны артқаннан кейін шешімін өзгертті. Елдің премьері Скотт Моррисон халықтың бір жерге жаппай жиналуы, коронавирусты жұқтырушылар санының артуына әкелуі мүмкін деп отыр.