Аустрияда мектеп оқушысы атыс шығарды

Аустрияның Грац қаласындағы мектепте болған атыс салдарынан кемінде 8 адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақат алған. Кейбір басылымдардың мәліметінше, қаза тапқандар саны 11-ге жеткен.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Оқ атқан адам сол мектептің оқушысы. Мәліметтерге сәйкес, оның өлі денесі мектептегі дәретханалардың бірінен табылған. Ол өзінің буллингке ұшырағанын хабарлаған.

Қайғылы оқиға кезінде күдікті екі сыныпқа кіріп, оқ жаудырған.