Аустрия Eurovision 2025 байқауында жеңімпаз атанды
Алматы, NEGE. Ол Wasted Love атты әнімен топ жарды.
JJ 436 ұпай жинады — кәсіби қазылар алқасынан 258 ұпай, көрермендер дауысынан 178 ұпай алды. Осылайша, Аустрия өзінің “Еуровидение” тарихындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Бұған дейін ел 1966 жылы Удо Юргенстің Merci, Chérie әнімен, ал 2014 жылы Кончита Вурсттің Rise like a Phoenix әнімен жеңіске жеткен еді.
Екінші орынды израильдік Юваль Рафаэль New Day Will Rise әнімен иеленді — ол 357 ұпай жинады. Израиль көрермендер дауысынан 297 ұпай алды, бірақ қазылар алқасынан бар болғаны 60 ұпай жинап, артта қалды.
Үшінші орын эстониялық орындаушы Томми Кэшке бұйырды. Ол Espresso Macchiato әнімен 356 ұпай (қазылардан — 98, көрермендерден — 258) жинап, Эстония үшін 2002 жылдан бергі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол кезде Sahlene Runaway әнімен үшінші орын алған еді.