Аустралияда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынады

Аустралия үкіметі келесі жылдың аяғында 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу туралы заң шығаруы мүмкін.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аустралия үкіметі қазіргі уақытта балалардың әлеуметтік медиа платформаларын пайдалануына жол бермеу үшін өте қатаң шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.

8 қарашадағы Ұлттық министрлер кабинетінің кезекті отырысында штат пен аумақ жетекшілері лейбористердің әлеуметтік желіні пайдаланушылардың жас шектеуін белгілеу туралы бастамасын қарастырады.

Премьер-министр Энтони Албанезе бұл бастама қолдау тапса, заң қабылданғаннан кейін бір жыл ішінде күшіне енетінін айтты.

Оның пікірінше, әлеуметтік желілерге кіру жастардың психикалық денсаулығына зиян келтіреді.

Facebook, Instagram, TikTok, X және YouTube сияқты негізгі әлеуметтік медиа платформаларына Аустралия үкіметі шектеу қоюы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады