Australian Open: Заңғар Нұрланұлы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңіске жетті. 

КТФ

Алматы, NEGE. Әлемдік рейтингте жасөспірімдер арасында 39-орында тұрған Заңғар Нұрланұлының бұл «Үлкен дулыға» турниріндегі дебюті болды. Ол алғашқы айналымда Аустралия өкілі Николас Бейкермен кездесті.

Бірінші сетте Заңғар 6:2 есебімен жеңіске жетті, бірақ екінші сетте корт иесі 6:3 есебімен есе қайырды. Шешуші, үшінші сетте Қазақстандық теннисші 6:3 есебімен жеңіске жетіп, матчты 2 сағат 7 минутта аяқтады.

Айта кету керек, Заңғар Нұрланұлы спорттық мансабында аустралиялық ойыншылардан жеңілген емес. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында Қазақстаннан тағы бір теннисші – Әмір Омарханов та бақ сынауда.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған