Аustralian Open-2024: Бейбіт Жұқаев іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Әлемнің 188-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Аustralian Open-2024 турнирінің іріктеу кезеңінде қарсыласын жеңді, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Бейбіт іріктеу айналымының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған австралиялық Николас Кикермен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бет қаратқан жоқ – 6:1. Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Қорытынды есеп – 6:4.

Бір сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ.

Бейбіт іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен шеберлік байқасады

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды