Аюсайда визит-орталықтың техникалық ашылуы болды

Алматының Аюсай шатқалында визит-орталықтың техникалық ашылуы болды.

Алматы, NEGE. Іле Алатауының бөктеріндегі Аюсай шатқалында салынып жатқан визит-орталықта ақпарат беру залы мен бағыт көрсетіп жіберетін кластардың техникалық ашылуы болды. Визит-орталықтың модулы экологиялық материалдан, яғни отандық өндірістің ағаш конструкциясынан құрастырылған. Оның іргетасы бетон емес, метал құрастырмасынан тұратын геошегемен жасалған. Бұл жобаны Сингапурдың белгілі архитекторы дайындаған.Визит - бұл демалуға келушілер алғаш ақпарат алатын орын. Туристер осы орталықтан Іле Алатауы паркінде не бар екенін, қайда бару керегін біліп алады. Визит-орталық жұмысы негізінде экотуризмді дамыту идеясы туып, бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Білім және ғылым министрлігіне қарасты Зоология институтымен меморандумға қол қойылса, алда бұл қатарға "Тұран" университеті қосылады екен. Жыл басынан бері Аюсай шатқалына экологтар, зоолог-ғалымдар, биологтар зерттеу жүргізген болатын. Визит-орталықтан кішкентай балаларға арналған Жас қайың демалыс орнына баратын жаяу жүретін жол басталады. Сондай-ақ, Аюсай сарқырамасына баратын жол, "Жапон жолы" тепшегімен жүретін жол шығады. Олардың арнайы карталық схемасы бар.

Қазір оқып жатыр

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті