Ауруханада видео түсірілімге неге тыйым салынған?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруханаларда неліктен видеоға түсуріге болмайтынын түсіндірді.

Алматы, NEGE.

«Медициналық стационарларға ұялы телефон кіргізуге болатынын түсіну керек. Ешқандай шектеу жоқ. Бір жағынан елдің бас санитар дәрігері видео түсіруге тыйым салған қаулысы бар. Бұл немен байланысты? Ең алдымен бұл науқастардың өзін қорғаумен байланысты», – деді министр. 

Цой кей науқас жағдайына байланысты видеоға түсіруге рұқсат беруге шамасы келмеуі мүмкін екенін айтты. 

«Науқас төсекте киімсіз жатқанда рұқсатсыз түсіретін жағдайлар көп кездеседі. Көптеген азамат өз сырқаты туралы жариялағысы келмейді. Азаматтардың жеке басын қорғауға қатысты көптеген этикалық жағдай бар. Сондықтан видеоға түсіруге тыйым салынған», – деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған