Ауруханада дәрігерлерді соққыға жығып, әкесінің мәйітін алып кеткен екі күдікті ұсталды

Алматы облысының полицейлері Талғар ауруханасында дәрігер мен медбикені соққыға жыққан екі күдіктіні ұстады.

Алматы, NEGE. 19 қыркүйек күні сағат 10:35-те Талғар аудандық бөлімшесінің кезекші бөліміне Талғар орталық аудандық ауруханасында белгісіз біреулер 27 жастағы реаниматолог пен 21 жастағы медицина қызметкерін ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Аталған факті ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық ІІБ ТЖК-не тіркеліп, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Талғар ауданы әкімдігінің қызметкерлері 1987 жылы туған Ш-ны және 1994 жылы туған Н-ны анықтап, ұстады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындалып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы Бауыржан Әленов.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сай басқа ақпарат жарияланбайды.