Аулаларын су басқан тұрғындар мектепке орналастырылды

Оларға сол жерден ыстық тамақ, жатын орын ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Талдықорған, NEGE. "Ескелді ауданының Ешкіөлмес және Абай ауылдарындағы төтенше жағдайға байланысты аулаларын су басқан тұрғындарды аудан әкімдігі Жедел штабтың шешімімен Қарабұлақ ауылындағы Шестаков атындағы мектепке орналастыра бастады", – делінген Жетісу облысы әкімдігі хабарламасында.

Қазірдің өзінде 19 адам мектепке жайғастырылған. Оның 10-ы ересек, 9-ы бала.

Сонымен қатар арық жүйелерін тазарту мен аулаларды батпақтан тазарту жұмыстарына ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның 5514 әскери бөлімі, ҚР ҚМ 18386 әскери бөлімі тартылды.

Қазір оқып жатыр

Президент қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады