Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласының Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден шыққан өртке қатысты мән-жайды баяндады.
Астана, NEGE. ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтердің бүкіл аумағы ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Пәтер металл есікпен жабылған, екі құлып орнатылған, оны құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен бұзып ашты.
Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден бір әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.
ТЖД қызметкерлері жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетімен шықты.
Өрт толық сөндірілді.
Өрт дабылы мен хабарлау жүйесі іске қосылып, лифтілер бірінші қабатқа автоматты түрде түсті. Сонымен қатар, ауладағы кіреберіс металл қақпалармен жабылып, аула автокөліктермен толтырылғанына қарамастан, ТЖД күштері өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берген жоқ.
Өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы мен шығу себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.