Ауыр атлетшілер мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсамақ

Ауыр атлетикадан Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло басқа спортшылардан үлгі алып, ақшалай сыйлықтарын қайырымдылыққа аударуға шешім қабылдады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Бүгін Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло Toyota Camry 75 автокөлігінің кілтін алды. Ал жеке жаттықтырушыларға федерация президенті Жанат Түсіпбековтің ақшалай сыйақысы берілді.

Спортшылар Олимпиададан қола алғаны үшін берілетін (қола медаль үшін әрқайсысы 75 мың доллардан)  қаржыны қайрымдылыққа аударатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Токиодағы Олимпиадада Игорь Сон 61 келіде, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады