Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы келесі жазғы Олимпиадаға қатыстырылмауы мүмкін

Бұл туралы Допингке қарсы ұлттық орталық директоры Майра Бакашева

"Хабар 24" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Алматы, NEGE. "Бұл туралы бәрі айтып келеді, айтып та жатыр, федерацияның ең үлкен мәселесі де - осы. Өйткені федерацияның өзі біраз уақытқа шеттелуі мүмкін. Егер мұндай шара Париж Олимпиадасына дейін қолданылатын болса, ауыр атлеттеріміз 2024 жылғы Ойындарға қатыса алмайды", - деді Бакашева. 

Еске салайық, мұның алдында Арли Чонтей, Артем Антропов, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлының қанынан допинг анықталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр