Ауыр атлетика федерациясының президенті тағайындалды

17 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының сайлау конференциясы өтті.

Алматы, NEGE. "Бастапқыда федерация президенттігіне екі үміткер – Илья Ильин мен Гаджи Гаджиев жарияланды. Алайда кандидаттардың бастамасымен және федерация мүшелерінің қолдауымен Түсіпбеков Жанат Рашидұлына Федерацияны басқару ұсынылды", - деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Федерация мүшелері, 26 адам Жанат Түсіпбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

 Жанат Рашидұлы 2013 жылдан 2022 жылға дейін ҚР ААФ-ны басқарып келген. Оның басшылығымен Қазақстан құрамасы сегіз олимпиада медалін жеңіп алды (2016 жылы - алтау, 2020 жылы - екеу).

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды