Ауыр атлетика: Арли Чонтей әлем чемпионы атанды

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

Алматы, NEGE. Мұндай жетістікке қазақстандық Арли Чонтей (55 келі) қол созды. Ауыр атлет жұлқу және серпе көтеруден барлық алты мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ол жұлқи көтеруде 118 келіні еншісіне байлады. Ал серпе көтеруде 142 келіні еңсерді. Осылаайша қарсыластарын қапы қалдырып, қоссайыс нәтижесімен 260 келіні бағындырды.

Аталған салмақта күміс және қола медальды Таиланд және Болгария спортшылары алды. Дүбірлі додаға еліміздің атынан бес спортшы барды. Арли Чонтейден өзге енді Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), Артем Антропов (96 келі), Карина Кұзғанбаева (81 келі) және Айзада Муптильда (87 келіден жоғары) ел намысын қорғайды. Айта кетсек, әлем біріншілігі 17 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр