Ауыр атлет Айсамал Сансызбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Гвадалахара қаласында (Мексика) өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс жүлдегер атанды.

Алматы, NEGE. Айсамал Сансызбаева 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 250 келіні бағындырды.

Қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруден 107 келіні еңсеріп, кіші күміс медалді жеңіп алды. Ал серпе көтеруден 143 келі нәтижемен кіші алтын жүлдеге ие болды.

Тағы бір отандасымыз Егор Шерер 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс бойынша 334 (153 181) келі көрсеткішпен 7-орыннан көрінді.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс медальмен аяқтап отыр.

Бұған дейін Едіге Емберді алтыннан алқа тағып, ел байрағын биікке көтерген болатын.

44 елден 229 қатысушы жиналған жаһандық додада ел намысын бес спортшы қорғады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр