Ауыр атлет Айсамал Сансызбаева әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Грекияның Ираклион қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәреге жетті.

Алматы, NEGE. Жарыстың соңғы күні қазақстандық Айсамал Сансызбаева 87 келіден астам салмақта қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық ауыр атлет қоссайыс қорытындысында 252 кг (серпе көтеруден – 112 кг, жұлқа көтеруден – 140 кг) нәтиже көрсетті. Бұл салмақта оңтүстіккореялық Хе Чжон Парк 281 кг (120 161) көрсеткішпен үздік шықты. Тағы бір оңтүстіккореялық атлет Хье Ен Ким қоссайыс қорытындысында 253 кг (108 145) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды. Еске сала кетейік, осы біріншілік барысында бұдан бұрын Алексей Чуркин күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз. Алексей 73 келіге дейінгі салмақта 329 (146 183) келіні ырқына көндірді. Барлық алты мүмкіндігінің бесеуін сәтті орындады.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді