Ауыр жүк таситын транзиттік көліктерге Астанаға кіруге тыйым салынды
Астана әкімдігі ауыр жүк таситын транзиттік көліктердің қала арқылы өтуіне тыйым салатын қаулы қабылдады.
Астана, NEGE. Мұндай өзгеріс Астана мәртебесі туралы конституциялық заң күшіне енгеннен кейін енгізіліп отыр.
«Ауыр жүк таситын транзиттік көлік құралдарының қозғалысы "Астана қаласының айналма жолы" автомобиль жолы арқылы іске асырылады. Ауыр жүк таситын транзиттік көлік құралдарының "Астана қаласының айналма жолы" автомобиль жолының ішінде орналасқан аумаққа кіруіне тыйым салынады», – делінген құжат мәтінінде.
Астана аумағында жеңіл автомобильдердің қозғалысына шектеулер белгіленбеген. Қаулы күшіне енді.