Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Сайрамкез Ақмолда күміс жүлде иеленді
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды.
Алматы, NEGE. Отандасымыз жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен 2-орын иеленді.
Ерлер. 67 кг
1-орын Ри Вон Джи 317 кг (137 180)
2-орын Сайрамкез Ақмолда 292 кг (126 166)
3-орын Терават Ратфет 286 кг (128 158)
Ташкенттегі Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.
Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.