Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті

Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. 

Ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Ауыр атлетика чемпионатында қазақстандық атлеттер 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.

Араға 10 жыл салып, 96 келіде Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанды. 102 келіде Артем Антропов топ жарды. Ал Алексей Чуркин өз мансабында екінші мәрте Әлем чемпионатының жүлдесін иеленді.

Барлығы 92 мемлекет қатысқан бәсекенің жалпы жүлде кестесі:

1.Солтүстік Корея - 9 алтын, 5 күміс, 2 қола,

2.Қытай - 4 алтын, 2 күміс, 3 қола,

3.Қазақстан - 2 алтын,1 күміс.

Бұған дейін 1993 жылдан бері қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында 17 алтын, 9 күміс, 8 қола жүлдеге қол жеткізген.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті