Ауыр атлет Ксения Прозорова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

6 шілдеде қазақстандық Ксения Прозорова екі медальға ие болды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша ол 194 (89 105) келіні еңсерді. Сондай-ақ, ол жұлқа көтеруде Азия рекордын жаңарты.

Осы нәтижемен Ксения жастар арасындағы чемпионатта екінші орын алды.

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (U17)

1. Ксения Прозорова (Қазақстан) – 194 (89 105)

2. Цюи Жао (Қытай) – 187 (86 101)

3. Маржона Абдумуталова (Өзбекстан) – 182 (80 102)

Жастар арасындағы Азия чемпионаты (U20)

1. Гуан-Лин Чень (Тайбэй) – 209 (93 116)

2. Ксения Прозорова (Қазақстан) – 194 (89 105)

3. Тхи Сен Ха (Вьетнам) – 193 (87 106)

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?