Ауыр атлет Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды
Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды.
Алматы, NEGE. 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дениске тең келер ешкім болмады.
Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163 213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ, серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.
Екінші орынға өзбекстандық Руслан Рахматжонов орналасты - 345 (155 190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді - 334 (154 180) келі.