2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңімпаз атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117 145) көтерді.

Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды – 261 келі (108 153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады – 252 келі (113 139).