Ауыр атлет Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасының өкілі Артём Антропов ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Алматы, NEGE. Спортшы 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Қоссайыстың қорытындысы бойынша Антропов 386 (165 221) келіні еңсерді.
Бұл салмақта жеңіске Қытай өкілі Лу Хуаньхуа жетті – 410 (180 230) келі.
Үшінші орынды Түрікменстаннан Дауранбек Хасанбаев иеленді – 377 (182 195) келі.
Айта кетейік, бұған дейін Пётр Хребтов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алған болатын.