Ауылдарға бейнабақылау камералары орнатылып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында ауылдарға жаппай бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.
Алматы, NEGE. Мәселен, Шал ақын ауданындағы барлық ауылдық округ камерамен қамтамасыз етілмек. Жергілікті билік жаңа бастама қылмыс санын азайтуға сеп болады деп отыр.
Болашақта тағы да қосымша 5 камера орнатылады. Онымен қатар дабыл қатқыш кнопкасы яғни бір керек жағдайларда сол кнопка арқылы уже аудандық РОВД біліп отырады. Ол 30 күнде сақталады. Соңғы жылдары облыстағы мектеп пен балабақшаларға 11 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Енді ауыл көшелерінде де көбейтіліп жатыр. Бір ғана Шал ақын ауданында биылдың өзінде 10 ауылдық округ қамтылды. Бұл жергілікті учаскелік полицейлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп отыр.
Учаскелік инспектор Саят Әбішов: "Мысалға қараңыз, қоқыс тастап кетті. Көрініп тұр. Мұның өзі ұсақ-түйек бұзақылыққа жатады. Осымен тұрмыс қалдықтарын тастау дерегі 434 рет қайталанып отыр. Уақыты, фото суреті барлығы осы жерде жазылады" – деді.
Шал ақын ауданындағы ауылдарға бейнабақылау камерасын орнатуға 10 миллион теңге қаражат бөлінген.