Ауыл шаруашылығы министрі: Елімізге келген тауарлар қатаң тексеруден өтуде

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баспасөз мәслихатын өткізіп, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туралы айтып берді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, елімізде азық-түлік қоры жеткілікті. «Төтенше жағдайға қарамастан, барлық сауда орындары штаттық режимде жұмыс істеуде. ЕО аясында тауар тасымалдау қалыпты жұмыс істеп жатыр. Коронавирусқа қарсы агроөнеркәсіптік өнімдердің транзиті мен тасымалына қосымша шектеулер бүгінгі күні қойылмайды. Еуразиялық одақ және үшінші елдердің көліктерінің барлық түріне өнеркәсіп өнімдерін тасымалдауға рұқсат берілген. Бірақ үшінші елдер мен Еуразиялық одақ шекарасындағы ветеринарлық және фитосанитарлық бекеттерде бақылау күшейтілген. Бүгінгі күні еліміздің шекарасында 119 бекет бар. Оның 64-і Ресеймен, 55-і Қырғызстанмен, 50-і Түрікменстанмен және Өзбекстанмен шекарада. Алайда, елге тасымалданып жатқан тауарлар қатаң химиялық тексеруден өтуде», – деді Ауыл шаруашылығы министрі. 

Қазір оқып жатыр

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді

Шілдеден бастап Қазақстанда несие алу қиындай түседі

Жүк көліктерін заңсыз тіркеген: Алматыда «ЦОН» қызметкерлері сотталды