Ауыл мектебіндегі жылу қазандығы жарылды

Ақмола облысының Аршалы ауданы Бұлақсай ауылындағы мектептің жылу қазандығы жарылды, – деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, оқиға туралы хабар бүгін сағат 13:10-да түскен.

«Төтенше жағдайдың салдарынан мектептің жылу қазандығының аумағы 7 шаршы метр болатын бір қабырғасы құлады», – деді ведомстводан.

Ақмола облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, мектепте 114 оқушы оқиды және оқиға болған сәтте олар үйде, қашықтықтан оқытуда болған.

Қазіргі кезде Ақмола облысының полиция департаменті тексеру жүргізуде.