Ауыл әкімдерінің құзыреті қайта қаралатын болды

Қазақстанда ауыл әкімдігі аппаратының қызметін ұйымдастыру қайта қаралмақ.

Алматы, NEGE. «Қазіргі күні ауыл әкімдігінде 3-5 қана қызметкер жұмыс істейді. Олар жұртшылыққа барлық сала бойынша қызмет көрсетіп үлгермейді. Уақыт жетпейді немесе қызметкердің қосымша жүктемесі көп. Осы орайда ауыл әкімдігі аппараты қызметін ұйымдастыру құқығын қайта қарастырмақпыз. Оның ішінде ауыл әкімдігіне 3-5 қана емес, одан да көп қызметкер алу құқығы беріледі. Және қызметкерлердің жалақысын өсіру де назардан тыс қалмайды. Бұның барлығы ауыл әкімдігі жанындағы кеңесте қаралып, тиісті шешім сол жерде қабылданатын болады. Одан бөлек, бүгінгі таңда ауыл әкімдігі өздеріне тән емес құзыретті атқарып жатқан жайттар да бар. Немесе керісінше ауыл әкімдігінің кейбір мәселелер бойынша құзыреті жоқ болып шығады. Осы орайда ауыл әкімдігі қызметін ұйымдастыруды қайта қарау маңызды, - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары Миржан Иманбаев.

Оның айтуынша, бүгінде ауыл әкімдігі аппараты қызметіне қатысты кең ауқымды талдау жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді