15 августа 2025 г. 11:24
«Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі бірдей болуы керек» – Тоқаев
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында айтты.
Астана, NEGE. Президент қала және ауыл мектебіндегі білім беру деңгейін теңестіруді маңызды міндет ретінде атады.
«Соңғы төрт жылда 4 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылды. Оның басым көпшілігі – ауыл мектептері. Ауылдағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан кітапханалар, асханалар мен спорт залдары салынып жатыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.
Баланың бәрі – бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы», - деді Мемлекет басшысы.