Ауғанстанның бірінші вице-министріне шабуыл жасалды: 10 адам қаза тапты

Кабулда Ауғанстанның бірінші вице-министрі Амрулла Салехқа шабуыл жасалды.

Алматы, NEGE. Ауған астанасында болған жарылыстан жоғары лауазымды шенеунік ауыр жарақат алмаған: аздап беті мен қолы күйген. Дегенмен оқиға орнында 10 адам қаза тауып, тағы 10 адам зардап шеккен. Бұл туралы TOLOnews телеарнасы хабарлады.