Ауғанстандық әйелдерге қоғамдық орындарда сөйлеуге тыйым салынды

Ауғанстан билігі әйелдерге көпшілік алдында сөйлеуге, бет-жүзін көрсетуге және денесі көрінетін жұқа матадан тігілген киім киюге тыйым салынды. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. «Ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу туралы» жаңа заңды Талибанның жоғарғы жетекшісі мақұлдады.

Елде музыкаға, мерекелерге, қоғамдық көліктерге тыйым салынады. Жаңа заң бойынша, әйелдің сөйлеуі «әдепсіздік» болып саналады. Жаңа шектеулер бойынша кәмелетке толған қыз үйінен тыс жерде сөйлей алмайды, бетін және денесін жасырып жүруі керек.

Егер әйел өз үйінде ән айтса немесе дауыстап кітап оқыса, оның дауысы көшедегілерге естілмеуі керек. Алр ер адамдарға бөтен әйелге қарауға тыйым салынды. Сондай-ақ ер адамдарға шаштаразға барып шаш үлгісін жасауға, қырынуға, сақалын қысқартуға тыйым салынды. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шариғат заңдарына сәйкес келмейтін көрінеді.

Заңға сәйкес, такси жүргізушілеріне жалғыз жүрген және хиджаб кимеген әйелдерді көлікке мінгізуге, бір жерге апаруға тыйым салынады. Яғни қыздың жанында әкесі, кәмелетке толған ағасы сияқты жақын туыстары немесе күйеуі ертіп жүруі керек. Ерлер мен әйелдерге көлікте қатар отыруға тыйым салынады.

Жаңа заң тіршілік иелерінің фотоға түсіруге оны жариялауға тыйым салады. Тек адам емес, тіпті құстардың, жануарлардың фотосын жасауға болмайды. Сондай-ақ тірі жандардың мүсінін сатып алуға және сатуға да тыйым салынған.

Жаңа ережелердің сақталуын мохтасабиндер бақылайды – олар әдеп бойынша полиция қызметкерлері.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр