Ауғанстандағы үкіметті басқаратын адам белгілі болды

Ауғанстандағы билікті басып алған тәліптердің үкіметін осы қозғалыстың саяси қанатының лидері молда Абдул Гани Барадар басқаруы мүмкін.

Алматы, NEGE. Бұл туралы REUTERS агенттігі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, «Талибан» жуық арада үкіметтің толық құрамын жариялауы ықтимал. Айта кетейік, бұған дейін ақпарат құралдары тәліптердің үкіметін «Талибан» қозғалысының діни көсемі молда Хибатулла Ахунзада басқарады деп хабарлаған болатын.

Ал Панджшер аймағында ұлттық қарсылық майдан күштерінің тәліптермен қақтығыс жалғасуда. «Талибан» аймақтағы бірнеше мекенді басып бірқатар тексеру бекетін бақылауға алғанын айтады. Бірақ бұл ақпаратты ұлттық майдан өкілдері растаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді