Ауғанстандағы әуежайдың ұшу алаңында қалып қойған сәбидің суреті жарияланды

Желіде Ауғанстан астанасы Кабулдың әуежайында қалып қойып, жылап жатқан кішкентай баланың суреті пайда болды. Әлем халқы сәбидің тағдырына алаңдап, аяушылық білдіріп жатыр.

Алматы.NEGE. Көптің жүрегін қан жылатқан сурет туралы әлемдік БАҚ өкілдері де жарыса жазып жатыр.

Онда кішкентай баланың азық-түлік салуға арналған көк себетте қалып қойғанын анық көруге болады.

Ресейлік басылымдардың мәліметінше, нәресте Ауғанстан астанасы Кабулдағы әуежайдың ұшақтар ұшатын алаңында табылған.

Суретте оның тікенек сым жанында жатқаны да байқалады.

Ауғанстандық сәбидің аянышты суреті қазнет қолданушыларын да бей-жай қалдырмады. Желі қолданушылары сәбидің тағдырына алаңдап, түрлі пікірлерін жаудырып жатыр.

Еске сала кетейік, тамыздың 15-і күні "Талибан" радикалдық қозғалысының өкілдері Ауғанстанның барлық аймағын өз бақылауына алған болатын.

Қазіргі таңда елді уақытша кеңес басқарып отыр. Олар жақын арада елдегі билік толық талибтерге өтетінін мәлімдеуде.

Осыған орай, Ауғанстан халқы ел астанасындағы ұшақтарға мінгесіп, елден кетіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді